Жұлдыз жорамал 26 шілде
Бүгін өзіңіздің неге лайықты екеніңізді дәлелдейтін уақыт келді. Сабырлық танытыңыз, сонда жетістікке жетесіз.
Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)
Асығыс шешім қабылдамаңыз. Сізге не істеу керектігін тағдыр өзі көрсетеді.
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Егер әлдене көңіліңізден шықпаса шағымды азайту немесе сол дүниеге көзқарасыңызды өзгерту қажет. Өзіңіз таңдаңыз.
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Әр шешіміңізді басшылықпен келісуден қорықпаңыз. Бұл сіздің ортақ істің оңынан шешілуіне мүдделі екеніңізді көрсетеді.
Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Бүгін сабырлылық танытыңыз. Негізгі жұмысыңыздан бөлек қосымша тапсырмалар көп болуы мүмкін.
Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)
Сабыр, төзім, шыдам мен еңбекқорлық кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі. Жұмысқа құлшына кірісіңіз. Сәттілік серік болады.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Арман-мақсаттарыңызды ешкіммен бөліспегеніңіз абзал. Сырыңызды айтпаңыз. Айналаңыздағылар жолыңыздан тайдыруы мүмкін.
Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)
Орындағыңыз келмесе де берген уәдеңізде тұрыңыз. Болашақта мұндай қателік жасамауға тырысыңыз.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Адамдармен араласқанда абайлап сөйлеңіз. Тілге сақ болған дұрыс.
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Орын алған жағдайға сабырмен қараңыз. Бәрін жылдам шешуге тырысыңыз. Сонда бәрі оңынан болады.
Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Бастығыңызбен мансабыңыз туралы сөйлесуге қолайлы күн. Қалаған тілегіңізді беруі мүмкін.
Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)
Ең қиын істерді батыл қолға ала беріңіз. Шшім өзі келеді. Бәсекелестеріңізден қорықпаңыз.
http://reactor.inform.kz