Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Айына 14 миллион: Желіде жұрт армандаған жұмыс туралы хабарлама жарияланды

Айына 14 миллион: Желіде жұрт армандаған жұмыс туралы хабарлама жарияланды

    21 жастан асқан, жүргізуші куәлігі бар кез келген азамат көлік іздеушісі болып жұмыс жасай алады. 
Желіде жұрт армандаған жұмыс туралы хабарлама жарияланды, деп хабарлады Stan.kz. HushHush компаниясы шөл далада қалдырылған көліктерді іздейтін жұмыс ұсынды. 21 жастан асқан, жүргізуші куәлігі бар кез келген азамат көлік іздеушісі болып жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, ол адам Дубайға барып, шөл далада қалып қойған спорттық және люкс көліктерді іздеп табуға дайын болуы шар. Көліктерге деген махаббаты жоғары, олардың бағасын шамалап білетін, ыстыққа төзімді адамдардың бұл мамандық бойынша жұмысқа кіруге мүмкіндігі көп. Көлік іздеушілеріне 30 мың фунт көлемінде жалақы төленеді. Теңгемен есептейтін болсақ, бұл мамандық иелерінің жалақысы 14 миллион теңгеден көп болмақ. Бұл төлемге қоса, жұмысшының жол ақысы, іс-сапар ақысы төленіп, әр көлікті сатқан сайын қаражаттың белгілі бір пайызы беріліп отырады. Жергілікті заңнама шеңберінде өмір сүре алмаған көптеген Арап Әмірліктерінің тұрғындары мүлкін, көліктерін тастап елден қашып кеткен. Нәтижесінде мыңдаған люкс көліктер шөл далада қалып қойған.

27 шілде 2019 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам