Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Квадрат" әдісі бойынша профилактикалық шара өтіп жатыр

"Квадрат" әдісі бойынша профилактикалық шара өтіп жатыр

 Қызылорда қаласы орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын  және сауда нүктелері  мен  ойын-сауық орындары көптеп  орналасқан  бүгінгі таңда тұрғындар арасында «Универсам» деп аталып кеткен қалалық полиция басқармасының № 10 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аймағына қарасты Абай даңғылы, Панфилов, Бектұрғанов және Мұратбаев көшелерінің квадратында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына шолу жұмыстары  ұйымдастырылды.
 Қысқа мерзімді жедел профилактикалық іс-шараға қалалық полиция басқармасының  учаскелік және патрульдік полиция, әкімшілік полиция бөлімі, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы, қабылдау-тарату және әкімшілік қамау орны қызметкерлерінен барлығы  30  қызметкер  5  автокөлікпен  жұмылдырылды.
 Іс-шара кезінде квадратта орналасқан барлығы 15 көп қабатты тұрғын үйлердегі полицияның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын 23 азаматтар және 20 азаматтық қару иелері мекен-жайларынан тексерілсе, ішімдік құмар азаматтардың жиналуы мүмкін орындар, жертөлелер, шатырлар бұзылған  ғимараттар тексеруден  өткізілді.     
 Тексеру кезінде осы аулада орналасқан Чайковский № 8 үйдің ауласындағы жеке гараждардың маңынан өмірдің қиын жағдайына душар болған тұрғылықты мекен-жайлары беймәлім, ішімдікке қатты салынған барлығы 12 азаматтар мен 3 азаматшалар, барлығы 15 ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Іс-шараға жұмылдырылған учаскелік және патрульді полиция қызметкерлерімен  тұрғын  үйлердің  аулаларында спирттік ішімдік ішіп,   масаң күйінде қоғамдық орындарда жүргендері үшін 8 азамат жеткізіліп, олардың 3-уі бейімдеу және уытсыздандыру орталығына жатқызылды. Олардың барлығына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік  хаттамалар  рәсімделді.
Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара барысында учаскелік полиция, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторымен барлығы 20 қару иелері мекен-жайларынан тексерілсе, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі яғни, «қаруды сақтау ережесін бұзу» дерегімен бір азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып,  қаруы  уақытша  тәркіленді.
 Аталған бағыттағы жедел профилактикалық іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын  табатын  болады.
                                                   Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
31 шілде 2019 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам