Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық полицейлер өрттен 17 адамды құтқарды

Қызылордалық полицейлер өрттен 17 адамды құтқарды

   19 тамызда Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Қорқыт ата көшесіндегі 4-қабаттағы пәтерлердің бірінен өрт шықты деп хабарлайды Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
Жедел қызметтерге хабарласып, аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Мақсат Әуезханұлы Жылқайдаров оқиға орнына № 2 УПП полиция инспекторлары полиция капитаны Хасенов Мақсат Серікұлы және полиция лейтенанты Досмағамбетов Бақытжан Серікұлымен бірге дереу жетті.
Пәтерлердің бірінде олар қалың түтінді байқап, өрттің көрші пәтерлерге таралу қауіпі сезініп, полицейлер Хасенов Мақсат пен Досмағамбетов Бақытжан бастарын сулы сүлгімен орап, өрт болған пәтердің есігін ашып, өртті сөндіруге кірісті.
Осы кезде үшінші қызметкер Жылқайдаров Мақсат қатты өткір түтіннің салдарынан шыға алмайтын көрші пәтерлерден тұрғындарды шығара бастады. Айта кету керек, пәтерлердің төменгі қабаттарында ересектердің бақылауынсызқалған балалар болған. Түтіннің әсерінен ештеңе көрінбей, жарық болмай, полиция қызметкері қараңғыда қол шаммен жылжып, адамдарды дереу көшеге шығарды.
Біраз уақыттан кейін өртті сөндіріп, батыл полицейлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында балалар мен ересектер қауіпсіз жерге шығарылды.
Жедел ақпарат бойынша, сол түні полиция жанып жатқан үйден шамамен 17 тұрғынды эвакуациялады.Үй тұрғындары құтқарушыларына өздерінің алғыстарын білдірді.
Біздің кейіпкерлеріміз туралы айтып кетсек. Шынында да, күнделікті өмірде бұл керемет әкелер өздерінің батыл істерімен өсіп келе жатқан балаларына үлгі бола алады. Сол минуттарда олар өздеріне қауіп төнді деп ойламады, олар нағыз батырлар сияқты басқаларды құтқара бастады. Себебі олар үшін ең басты және ең маңыздысы - адам өмірі.
Полиция майоры Жылқайдаров Мақсат Әуезханұлы, 37 жаста, ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет атқарып келеді.Жұбайы - Алмағамбетова Айжанмен бірге 4 бала тәрбиелеп отыр. Ол спортты жақсы көреді.
Полиция капитаны Хасенов Мақсат Серікұлы - 33 жаста, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде. Жеке басы тәртіпті, азаматтар және әріптестерімен қарым-қатынаста мәдениетті, ұстамды, мінезі салмақты, кішіпейіл. Өз дегеніне жетуге деген құштарлығы мол, жұмыс іскерлігі биік қызметкер.
Полиция лейтенанты Досмағамбетов Бақытжан Серікұлы, 28 жаста, білімі жоғарғы заңгер, ішкі істер органдарында небары 1 жылдай қызмет атқарып келеді. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде. Ол азаматтардың құқықтарын қорғау саласында ерінбей еңбек етіп, жеке жұмыстарынан қызметтік міндеттерін жоғары қоятын еңбекқор қызметкер ретінде көрсете білді.
26 тамыз 2019 ж. 1 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам