Руслан Рүстемов - Сырдария ауданының әкімі
Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Сырдария аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Сырдария ауданының әкімі лауазымына Руслан Рүстемов тағайындалды.
Руслан Рүстемов 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.
1997-2002 жылдары – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының маманы, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі;
2002-2008 жылдары – облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары;
2010-2016 жылдары облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, екі мәрте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Жаңақорған ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
2016 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.