Жеріміз сатылмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жердің сатылуына байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында.