3-қабаттан секірмек болған
Қызылорда қаласының 32 жастағы тұрғыны үшінші қабаттан секірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құтқару қызметіне Желтоқсан көшесі бойындағы тоғыз қабатты №11 «В» үйдің 3-қабатындағы пәтердің бірінен терезесінен 1987 жылы дүниеге келген әйелдің төменге секіруге бекініп тұрғаны туралы хабар түсті. «Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, азаматшаға көмек көрсетті. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік құралдарды пайдаланды. Нәтижесінде құтарушылар терезе арқылы төртінші қабаттан төменге түсті. Сол арқылы олар суицид жасауға бекінген азаматшаны терезеден ішке қарай пәтерге кіргізді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова.