"Тырнағыңыз кіріп кетпесін": Кішкентай нәрестені көтерген Садуақасоваға жұрт шүйлікті
Белгілі әнші Мәдина Садуақасова желіде cәбимен түскен суретін жариялады. Алайда фотоны көрген желідегілер эстрадасының жұлдызының ұзын тырнақпен баланы ұстағанына наразылықтарын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нәрестемен түскен суретін өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында салып, "Кішкентай жүрегінің дүрсілінің өзі толқытады ғой" деген жазба қалдырды.
Әншінің мәліметінше, сәби актриса Айнұр Илиясованың баласы.
Мұны көрген желі оқырмандары "Тырнағыңыздан қорықпайды ма?", "Тырнағыңыз кіріп кетпесін", "Бәрі әдемі, тек тырнақ құртып тұр", "Анандай тырнақпен баланы қалай ұстайды? " деген пікірлерін қалдырды.
Арасында әншінің сұлуылыға таңғалып, бала ұстағаны жарасатынын айтқан тыңдармандары да табылды.