Ақын Құрманай Жанболат пен Жазираға бесік сыйламақ
Инстаграм парақшасында әнші Жазира Байырбекова жаңа әніне түсірілген туындыға оқырмандарынан сүйінші сұрады.
««Әлди-әлди» атты жаңа әніме түсірілген мультфильмде Жанболат екеуміз бейнеленгенбіз. Сүйікті кішкентай тыңдармандарыма тағы да әдемі туынды болмақ. Балапандарыңызға мультфильмді көрсетіп, әнді тыңдата жүріңіздер» делінген парақшасында. Оқырмандарынан баға беруін сұраған әншіге ақын Құрманай Бақтиярқызы бірінші боп пікір қалдырып, сүйіншіге ақ бесік сыйға тартатынын жеткізген.
Ал, оқырмандар өз кезегінде оларды құттықтап, Алла Тағаланың сәби нәсіп етуін тіледі.
Тың туынды жақын арада «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін болады.