Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қыз Жібектің сәукелесін 18 жасар қыз тіккен

Қыз Жібектің сәукелесін 18 жасар қыз тіккен

Екі жастың махаббатын сөз ете отырып екі рудың қарым-қатынасын, сол арқылы тұтас қоғамның көрінісін көзіқарақты көрерменге көркем жеткізе білген «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына жарты ғасырға жуық уақыт өтіпті.
Сол бір қайталанбас кадрлерде өткен күндер өрнектелсе де махаббат тақырыбы қай заманда да өзекті. Міне сондықтан, С.Қожықовтың бұл бірегей кинотуындысы әлі күнге халық арасында зор сұранысқа ие, ондағы кейіпкерлердің тағдыры қалың бұқараны қашан да қызықтырады.
Мәселен, күні кеше «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлдегі кейіпкер, сұлулықтың символына айналған Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққаны белгілі болды. Қалыңдықтың бас киімін сәулетші Лейла Рахымжанова жасаған. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Гүлфайрус Ысмайылованың эскизін негізге ала отырып, Қыз Жібектің сәукелесін мен тігіп шыққан едім. Сәукелені шұғыл дайындау керек болды, бірақ киностудия тігіншілері белгісіз себептермен одан бас тартты. Сосын мен дайын пішінді үйге алып, әрбір моншақты қатты картонға қадап тіге бастадым. Түні бойы еңбектенім, сәукелені таңмен киностудияға дайын күйінде апардым. Жүздеген моншақ тізбектеліп тігілген жұмысты көріп Гүлфайрус Ысмайылова қатты таңғалды», – дейді жазбасында Лейла Рахымжанова.
Лейла Рахымжанова 1949 жылы 26 қаңтарда Алматы қаласында туған. Жас шағында биге әуестігі мен әртістік қабілеті арқасында «Қазақфильм» киностудиясының бірнеше картинасына түскен. Алайда кейін таңдауы басқа мамандыққа түсіп, тағдыры оны сәулет өнеріне әкелді. Лейла Шаймерденқызының айтуынша, сәукелені 18 жасында тіккен.


12 қыркүйек 2019 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам