Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Борыш жүктемесін азайту туралы Facebook және Instagram-нан біліңіз

Борыш жүктемесін азайту туралы Facebook және Instagram-нан біліңіз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Министрлік енді Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі «Бәрі борыш жүктемесін азайту туралы» деген парақшалар арқылы сұрақтарға жауап береді. Бұл аккаунттар халықтан борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша өтініштерінің көп болуына байланысты ашылып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, борыш жүктемесінің төмендеуіне үміткер азаматтар өз мәртебесін келесідей тексере алатыны белгілі:
– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтындағы сілтемеге ЖСН енгізіп, сұрау жіберу арқылы;
– Электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрондық сервисінің көмегімен. Ол үшін ЭЦҚ қажет болады;
– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша консультация алу;
– Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы.
Бүгіннен бастап қазақстандықтар мемлекет есебінен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу мүмкіндігі туралы кеңесті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарынан, сондай-ақ облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінен ала алады.



12 қыркүйек 2019 ж. 1 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам