Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тағылымдамадан өтушіге ең керек 7 кеңес

Тағылымдамадан өтушіге ең керек 7 кеңес

Арманыңыздағы компанияға орналасу үшін тағылымдамадан өткенде не білу керек? Өзіңді қалай керек? Яндекс компаниясында тағылымдама тобын басқаратын Ульяна Егина тағылымдамадан өтушіге ең керек 7 кеңесін ұсынады.
Сұрақ қоюдан жалықпаңыз Әріптестеріңіздің қолы бос еместей көрінсе де сұрақ қоюдан тайынбаңыз. Ал егер тапсырманы орындай алмай жатсаңыз, үнсіз қалмай, ментордан көмек сұраңыз. Білмегенді сұраудың еш сөкеттігі жоқ.
Ментормен көп сөйлесіңіз Сізді қызықтырған барлық нәрсені ментордан біліп алыңыз. Әсіресе қолыңыздан бірдеңе келмей жатса, бірден ментордың көмегіне жүгініңіз. Қаншалықты ерте айтсаңыз, соншалықты мәселе түйіні тез шешіледі. Алғашқыда қиындықтарға душар болсаңыз, одан ұялудың қажеті жоқ. Ешкім тәжірибеден өтіп жатқан адамнан бірден идеал жұмысты талап етпейді.
Қателесуден қорықпаңыз Ештеңе істемейтін адам ғана қателеспейді. Сіздің қатеңіз өзіңізге ұнамаса да, бәрін құрдымға жіберу әлі ерте. Әріптестеріңізден көмек сұрап, мұндайда не істеу керектігін біліп жүріңіз.
Жан-жақты ойлауға тырысыңыз Жобаларға барынша белсенді қатысып, ірілі-ұсақ нәрсенің барлығынан хабардар болыңыз. Заманауи компанияларға бейқам орындаушылар емес, әр тапсырманың артында не тұрғанын біліп, бағамдай алатын қызметкерлер керек.
Барыңызды салыңыз Тағылымдамаға толыққанды жұмыс деп қарау керек. Мұнда университеттегідей соңғы сәтте бәрін бітіріп тастау мүмкін емес. Жұмыста сізден тұрақты, нәтижелі жұмыс күтеді.
Кодты түсіну керек пе? Авторынан сұра Ірі компанияда бағдарламалық кодпен жұмыс істегенде оның техникалық құжаты болмауы мүмкін. Кодты қай программист жасағанын біліп, түсіндіріп беруін өтініңіз. Ол қуана-қуана көмектеседі. Ісіне берілген адамдармен жұмыс істеңіз Яндекске тағылымдамаға келгендер бірге жұмыс істегісі келетін команданы таңдай алады.
Өз ісіне берілген адамдарға қарай ұмтылыңыз. Мықты ментор мен тағылымдамадан өтушіге бей-жай қарамайтын әріптестер жұмысқа тез үйренуге әсер етеді.


15 қыркүйек 2019 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам