Қазақстанда алдағы күндері аяз болып, қар жауады

«Қазгидрометтің» баспасөз қызметінің мәліметінше, синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда қар жауады деп болжайды.
25-26 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, соңы сулы қарға айналады . Сонымен қатар, 1-3 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.
25 қыркүйек күндіз қатты жел тұрады, түнде күшейіп, бағытын өзгертеді. Жел 25 м / с жылдамдыққа жетуі мүмкін.
26 қыркүйекте күшті жел жалғасады.
25-26 қыркүйекке қараған түні Петропавлда аяз болып, қатты жел соғады.
Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.