Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Илья Ильин әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Илья Ильин әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

  Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Илья Ильин жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған біріншілікте бүгін 96 келі салмақта Илья Ильин сынға түсті. Алайда ол әлем чемпионатын бар болғаны 13-ші орынмен аяқтады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша (168+195) 363 келіні бағындырды.
Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионатында осыған дейін 55 келі салмақта қазақстандық Игорь Сон күміс жүлдегер атанған болатын.
Сондай-ақ, ерлер арасынан Арли Чонтей (55), Нижат Рахимов, Айдар Қазов (81) пен Денис Ұланов (89) сынға түсіп барлығы жүлделі орындарға қол жеткізе алмады. Ал әйелдерден бақ сынаған Зульфия Чиншанло (55) төртінші орынға ие болса, Екатерина Быкова (71) жетінші орынмен әлем біріншілігін аяқтады.
Енді, Қазақстан құрамасы сапынан 26 қыркүйекте соңғы болып жарыс алаңына Ибрагим Берсанов (109 келі) шығады.

25 қыркүйек 2019 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам