Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » АЙБЕК ШАУКИЛОВ - ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

АЙБЕК ШАУКИЛОВ - ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

  Украинаның Одесса қаласында киокушинкай каратэден жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде еліміздің құрамасы 12 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлделерді иеленді.
21 мемлекеттен қатысқан айтулы сында Сыр бойынан барған Айбек Шаукилов жастар арасында бақ сынасып, 55 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдені иеленді.
Ол жарыс барысында төрт кездесу өткізді. Үш кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Финалда Украина спортшысын 4:0 есебімен жеңіп, Әлем чемпионы атанды.
А.Шаукилов 2001 жылы 7 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бері киокушинкай каратэмен шұғылданып келеді.Ол осы күнге дейін бірнеше жарыста топ жарған еді. Жерлесіміз 2015, 2017 жылдары жасөспірімдер және жастар арасында ҚР чемпионатының екі мәрте күміс жүлдесін иеленсе, 2016 жылы ҚР кубогының иегері болды. 2016, 2017 жылдары «Kazakhstan Open» халықаралық турнирдің жеңімпазы және жүлдегері атанды. Ол №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Оны жарысқа бапкері Бауыржан Мұханов дайындады. Қазіргі таңда спортшы №101 орта мектептің 11 сыныбында оқиды.
Оның алдағы жоспары үстіміздегі жылдың маусым айында Астана қаласында жастар арасында өтетін Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көріну.
Киокушинкай каратэ спорты облыста 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Спортшылар №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттығады. Осы уақытқа дейін өңірден алғашқы Әлем чемпионы шықты. Жалпы, өңірде киокушинкай каратэмен 300-ге жуық спортшы айналысады.


29 қаңтар 2018 ж. 1 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 923 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам