МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ
Алматы қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен «Күзгі жарыс» халықаралық турнирінде облыстың жасөспірімдер құрама командасы табысты өнер көрсетіп, 4 жүлдемен оралды.
«Б» тобында 1 спорттық разряд бойынша еркін бағдарламада ұлдар арасында өнер көрсеткен Манас Бекташов пен қыздар арасында Диана Джармухамедова алтын жүлдені иеленді.
2-разряд бойынша қыздар арасында Ариана Дигай қола жүлдеге қол жеткізсе, 3-разряд бойынша Бибінұр Дербісәлиева турнир жеңімпазы атанды. Ал Алина Жанділдаева бесінші орынды еншілеп, шеберлігін шыңдады.
№4 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің спортшыларын жарысқа мәнерлеп сырғанаудан облыстың аға жаттықтырушысы Лариса Давыдова дайындады.
Айта кетейік, қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының және VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның облыста лайықтыізбасарлары өсіп келеді.