Қанат Ислам еліміздің “Жыл таңдауы” жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. “Қанат Ислам “Жыл таңдауы” жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам “Қазақстандағы №1 жыл таңдауы” – “Алтын адам” сыйлығының лауреаты жəне “Жыл спортшысы” атанды”, – дейді Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында. Естеріңізге сала кетсек, отандасымыз соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Осылайша спортшы бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.