Үйлену тойында болған сұмдық жағдай видеоға түсіп қалды
Желі қолданушылары оқиға Қырғызстанда болғанын айтады. Алайда жаппай төбелестің қандай қалада болғаны нақты белгісіз. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан жазды.
Әлеуметтік желіде үйлену тойында болған жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Оқиға Қырғызстанда болды деген болжам жасалып отыр.
"Короче" telegram-каналы тойда болған төбелестің екі видеосын жүктеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Кадрдегі адамдардың қырғыз тілінде сөйлегені естіледі. Желі қолданушыларының бірі оқиға Ошта, енді бірі Жалал-Абадта болды деген пікір білдірді.
Ош қаласының ішкі істер басқармасының мамандары мұндай ақпарат түспегенін айтты. Милиция видеоны тексеріп, мән-жайды анықтап жатыр.