ЖОҒАРЫ ҚУАТТЫ ТОҚ БАҒАНАСЫНА ШЫҒЫП, СҮЙІКТІСІНЕ ҰСЫНЫС БІЛДІРДІ
Желіде жоғары қуатты тоқ бағанасына шығып алып, сүйіктісіне көңілін білдірген жігіттің видеосы тарады.
Ақмола облысында белгісіз ер адам жоғары қуатты тоқ бағанасына шығып алып, сүйіктісіне көңіл білдірді. Оқиға Щучинск қаласында болған. Жігіт тоқ бағанасының басына шығып алып «сені сүйем» деп айқайлай бастады. Жігіт өз өмірін қатерге тіге отырып, ол сүйіктісінің назарын аударғысы келген. Сүйіктісінің оған қалай жауап бергені белгісіз. Бірнеше уақыттан соң ер адам бағанадан түсті. Желі қолданушылары ер адамның әрекеті құптауға тұрарлық емес екенін айтты. Енді бірі оның өзіне қол салғысы келгенін, өзгелері оның мас болғанын айтып жатыр.
http://stan.kz