Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» Астрономдар Жерді айналып өткен егіз астероидты суретке түсірді

Астрономдар Жерді айналып өткен егіз астероидты суретке түсірді


26 мамыр күні астрономдар Жердің ту сыртынан 70 мың км/сағ жылдамдықпен өте шыққан егіз астероидты суретке түсіріп алды, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.
1999 KW4 - бірі негізгі, екіншісі шағын екі астероидтан тұрады. Кіші сыңары табиғи серігі сықылды үлкенін 2,6 км қашықтықта айналып жүреді. 26 мамыр күні астеорид Жерден 5,2 млн км қашықтықтан ұшып өтті.
Еуропа оңтүстік обсерваториясының ғалымдары егіз астероидтың орбитасы туралы біршама ақпараттар барын, ол Жер үшін ешқандай қауіп төндірмейтінін айтып сендірді.
Астероидты анықтау үшін ғалымдар VLT (Very Large Telescope) алып телескопын пайдаланған. Обсерваторияның астрономы Оливье Эноның сөзіне қарағанда, алынған деректер Жерге құлау қаупі бар астероидтардан қорғанудың тиімді стратегияларын әзірлеуге септігін тигізеді.
«Осы мәліметтер астероидтың Жер бетінде және атмосферасында қандай күйге енетінін болжау үшін аса маңызды», - деді ғалым.
Еуропа оңтүстік обсерваториясының өкілдерінің айтуынша, 1999 KW4 астероидының Didymos және оның серігі Didymoon астероидына ұқсас тұстары баршылық. Ғалымдар болашақта Didymos астероиды Жерге қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады.
---
15 маусым 2019 ж. 1 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам