ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ АДАМ КЕЛБЕТІНЕ ҚАНДАЙ ӘСЕРІ БАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бристоль университетінің ғалымдары темекі шегудің адамның тартымдылығына қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды РИА Нововсти Royal Society Open Science журналына сілтеме жасап.
Зерттеуге 500-ден аса адам қатысқан. Оларға бір сыңары темекі шегетін, ал екіншісі шекпейтін егіз адамдардың тартымдысын таңдау ұсынылған. Ер адамдардың үштен екісі таңдаған сыңары темекі шекпейтін болып шыққан. Зерттеуге қатысқан әйелдердің 68 пайызы да осындай таңдау жасаған.
Зерттеу авторларының сөзінше, адамның көбі темекінің зиян екенін біледі, ал енді оның адам келбетіне зиян екенін анық көрсетіп отыр. Өйткені егіздер генетикалық тұрғыда бара-бар және қартаю процесі де бірдей.
"Сырт келбет адамдар үшін маңызды, әсіресе, жастар үшін. Сондықтан бұл зерттеу қорытындыларын темекіден бас тартуға бағытталған насихат материалы ретінде пайдалана аламыз", - дейді зерттеушілердің бірі профессор Йан Пентон-Воак.
Айта кетейік, мұның алдында аустралиялық ғалымдар жүктілік кезінде темекі шегу баланың сал ауруына шалығуына әкелуі мүмкін екенін анықтаған.