Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық оқушы Абайдың 200-ден астам шығармасын жатқа біледі

Қызылордалық оқушы Абайдың 200-ден астам шығармасын жатқа біледі

    Қызылордалық оқушы Нұрай Өмірзақова қазақтың кемеңгер тұлғасы - Абайдың 200-ден астам өлеңін жатқа біледі.
Бүгінде ол Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оныншы сыныпта тәлім алады. Абай шығармаларына алғаш үшінші сыныпта қызығушылық танытқан екен. Сол уақытта ата-анасы оған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқуға кеңес береді. Содан бері Нұрайдың Абай шығармаларына деген қызығушылығы арта түседі. Ақынның өмірі мен шығармашылығын білуге құлшына кіріседі.
«Тарихи шығарма мені өзіне ерекше баурай түсті. Соңына дейін бас алмай оқып шықтым. Онда айтылған орындарды, тарихи қоныстарды көзіммен көруге талпындым. Бесінші сынып оқып жүргенде «Абай оқулары» деген байқаудың болатынын естідім. Соған қатысуға шешім қабылдадым. Әдебиет пәнінен дәріс беретін ұстазым бұл ниетімді құп көрді. Байқауда жеңген жүлдегер Абайдың дүниеге келген топырағы - Семей өңіріне баруға мүмкіндік алатынын жеткізді», - дейді Нұрай.
Осылайша, ол байқауға қатысуға белсене кірісті. Екі айдың ішінде ұлы ақынның 150-ге жуық шығармасын зердесіне тоқып үлгерді. Еңбегі еш кеткен жоқ. Аудандық және облыстық байқауда жеңімпаз атанды.
Төрт айдан кейін республикалық байқауда Абайдың 200-ден астам және Шәкәрімнің 60-тан астам өлеңін зердесіне тоқып, білім бәйгесінде дипломант атанды. Нәтижесінде ақынның дүниеге келген топырағында тарихи орындарды аралап қайтуға мүмкіндік алды.
Бүгінде Нұрай сабақтан қолы бос уақытта Абай шығармаларына зер салғанды жаны ұнатады. Қазақтың кемеңгер тұлғасының қиялынан туған әрбір дүние халқымызға орамды ой салатыны анық. Дала данышпаны замана тынысын тап басып, қоғамның өзекті мәселесін халықтың талқысына салады. Бұл - әрбір қазақ үшін басты талап. Кемшілігін түзеп, алға қадам басудың алғышарты ретінде санау артық емес.
Нұрай жас та болса ақын шығармашылығынан сондай ой түйіп, онда айтылған сан алуан пікірді талғам таразысына тарта біледі. Нұрай келешекте нейрохирург болуды алдына мақсат етіп отыр. Еліміздің медицина саласында жоғары деңгейдегі білікті маман болуды армандайды. Бүгінде сол мақсатта білімін толықтырып, үлкен ізденіс жасап келеді. 
13 қаңтар 2020 ж. 1 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 834 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам