СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА "АБАЙ ОҚУЛАРЫ" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Байқауға 17-29 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әділ қазылар алқасының шешімімен Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйінің атынан қатысқан Гүлзат Аманкелдиева бас жүлде иеленді. Шіркейлі ауылының намысын қорғаған Нұрай Әбдірашит жүлделі І орын иеленсе, С.Сейфуллин ауылдық клубынан қатысқан Елдос Жаппасбаев ІІ орын еншіледі. Сонымен бірге, А.Тоқмағанбетов ауылдық клубының атынан сынға түскен Әсел Сансызбаева жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі