D ДӘРУМЕНІНІҢ ТАҒЫ БІР ПАЙДАЛЫ ҚАСИЕТІ АНЫҚТАЛДЫ
Жүкті әйелдердің D дәрумені мен фолий қышқылы бар қоспаларды тұтынуы жатырдағы баланың денсаулығына өте пайдалы, деп мәлімдеді Британия ғалымдары.
Олардың келтірген деректері бойынша, бұл дәрумендер ұрықты оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз ететін плаценттің жағдайына жақсы әсер етіп қана қоймай, болашақ баланың органдарының дұрыс дамуына ықпал ете отырып, ұрықтың иммундық жүйесін ынталандырады.
D дәрумені қан айналымының бұзылуы (преэклампсия) диагнозымен дәрігердің бақылауында болған жүкті әйелдердің шамамен 6%-ында жатыр-бала жолдасының қан айналымын жақсартқан, дейді ғалымдар.
Ұлыбританияда әйелдерге күн сайын 400 микрограмм фолий қышқылын және шамамен 10 микрограмм D дәруменін тұтынуға кеңес беріледі. Жүкті әйелдерге бұл қоспаларды ұрпақ жаңғыртудың ерте сатысында, тіпті, жүкті болуға дейін қабылдау ұсынылады.
Дереккөзі: Lenta.ru