Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» ЫДЫС-АЯҚ ЖУУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ – ҒАЛЫМДАР

ЫДЫС-АЯҚ ЖУУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ – ҒАЛЫМДАР


Күнделікті жеңіл физикалық жаттығулар адамның өмірін ұзартуға оң әсерін тигізеді. Әсіресе жүгіру мен ыдыс-аяқ жуу, тағы басқа үй шаруасындағы міндеттер пайдалы екені анықталды. Бұл туралы Journal of the American Geriatrics Society журналында жарияланған америкалық дәрігерлердің жұмысында бекітілген, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Зерттеуге 65 пен 99 жас шамасындағы 6 мың әйел қатысты. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардың физикалық белсенділіктерін бір апта бойы фитнес-трекерлер арқылы бақылап отырды. Кейін дәрігерлер әйелдердің денсаулығын 3 жыл бойы да бақылауда ұстады.
Жүргізілген тәжірибеде күніне 30 минут уақытын физикалық белсенділікке бөлген әйелдердің өлімі қозғалысы аз әйелдерге қарағанда 12%-ға төмен болғандығы анықталған. Ал күнделікті 1 сағаттық жүктеме өлім ықтималдығының көрсеткішін 39%-ға төмендеткен.
Ғалымдардың айтуынша, физикалық белсенділікке үй шаруасындағы міндеттер, оның ішінде үй жинау, ыдыс-жуу, сондай-ақ таза ауада серуендеу жатады.
«Ұзақ уақыт бойы мұндай әрекет салауатты өмір салты үшін жеткіліксіз деп есептеліп келді. Дегенмен қазір бізде дәлел бар: тіпті ең жеңіл жүктеме әйелдердің келесі 3-4 жылда өмірден өтуінің ықтималдығын төмендетеді», — деді зерттеудің бас маманы Андрэа Лакруа.
---
26 қараша 2017 ж. 3 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам