АҒЗАҒА ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН ЕҢ УЛЫ ӨНІМДЕР
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтардың улы түрлері бар екені бәрімізге белгілі. Бірақ олардың жеуге жарамды түрлерінің өзі дұрыс пайдаланбаса адамды улауы мүмкін. Мысал үшін банка жапқанда, дұрыс тұздалмаса уланып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан саңырауқұлақтан жасалған тағамдарға аса сақ болған абзал.
Бадам (миндаль)
Бадам – бұл көпшілік ойлайтындай жаңғақ емес. Бұл пайдалы әрі дәмді дәндердің бірі. Кондитерлік өнімдерге кеңінен қолданылады. Және оның ең жақсысы – ащы бадам. Бірақ ол ащы болған сайын құрамындағы цианид көлемі де арта түседі. Сондықтан оны тұтынар алдында удан тазарту үшін әбден талазап алған дұрыс.
Шие
Шие, шабдалы, өрік бадам тұқымдас. Олардың дәндерінде де цианид бар. Олардың улы қосындылары осы ағаштардың жапырақтарында да бар. Сол себепті шие дәнін жарып, жеуге әдеттенбеген дұрыс.
Алма
Алма дәндерінде цианид бар. Сондықтан алманы дәнімен қоса жемеу қажет. Алма дәнін көп жеген сайын ағзаның улану деңгейі де артады.
Картоп
Картоптың жапырағы мен сабағында уыты күшті у бар. Сондықтан оның сабағы мен жапырағын бірден тастау қажет.
Дереккөз: http://www.segodnya.ua