АЗ КАЛОРИЯЛЫ ДИЕТАНЫҢ ТАҒЫ БІР ПАЙДАСЫ ТАБЫЛДЫ

Зерттеуде қанының құрамында қанты көп, яғни гипергликемиямен ауыратын тышқандар пайдаланылды. Сонда көмірсуы аз тамақтарды жеген тышқан қанының құрамында глюкоза деңгейі жылдам төмендеген.
Мамандар мұны жыртқыштардың бауырындағы бірнеше механизм жұмысының нәтижесі деп түсіндіріп отыр. Диета глюкозаға айналатын лактаттарды, амин қышқылын, гликоген және майды азайтқан. Сондай-ақ, үш күн ішінде бауыр тінінің сезімталдығын да жоғарылатқан.
Ғалымдар енді аз калориялы тамақтану зерттеуіне бірнеше адамды қатыстырып, осы нәтижені дәлелдемек.