Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бала тәрбиелеудің 6 әдісі

Бала тәрбиелеудің 6 әдісі

 Бауыр еті баласын айқай-шусыз, қол жұмсаусыз, қорқытусыз тәрбиелеу – әрбір ата-ана үшін таптырмас амал. Баласымен патшадай сөйлесетін әкелерге қызығып жатуымыздың бір себебі де – осы. Ендеше, мамандар ұсынған әдістерге бір көз жүгіртейік.
1. Дер кезінде өзіңе сауал қою. "Алысқанды алып ұрған мықты емес. Нағыз мықты ашуланғанда өзін ұстай білген адам" (Бұхари) деген даналық бала тәрбиесіне де тікелей қатысты екен. Балаға деген ашудың "құрамында" оның ғана қатысы болмайды, күйеуіңмен қарым-қатынас, туыстармен келіспеушіліктер, жеке реніштер, жұмыстағы жағдайлар, денсаулық мәселесі болуы әбден мүмкін. Осыны дер кезінде еске түсіріп, өзіңе "менің ашуым баламның бүлдірген ісінің деңгейіне сай ма?" деген сауалды қоя білген дұрыс дейді мамандар. "Жоқ" жауабы жиі берілетіндіктен, адам өзін тоқтатуға тырысады.
2. Жағдайға басқа көзбен қарау. Біз жағдайдың ішінде болғандықтан айғайымызды тоқтата алмаймыз. Осы сәтте сырттан өзіңді елестетіп көру қажет екен. Көзі аларған, бет-әлпеті қорқынышты, дөрекі дауысты, адам үрейленетін ишаралар жасаушы әйел кішкентай, қорғансыз жаратылысқа айқай салып жатыр. Бастығыңыз айқалайғанда қандай сезімде болушы едің? Баланың халін, өзіңнің халіңді ойла, сонда сен өз әрекетіңнен ұяласың деген әдіс те айтылады. Екінші жағынан, осыдан бала жүрегі қатаюы мүмкін. Сабырсыз, ашуланшақ, үлкенге дауыс көтеретін балалар да – айқаймен, қол көтерумен берілген тәрбиенің жемісі.
3. Бала – аманат. Иә, бала әкенің беліндегі судан жаралды, ананың құрсағынан шықты, біздің үйімізде тұрады. Алайда олар уақытша берілген аманат саналады. Оларды асырау, тәрбиелеу, үйрету – ата-анаға артылған жауапкершілік.
4. Айқай естіген бала ата-анасына айқайлайды. Біз қартайғанда жанымызда болатын "қамқоршыларымызды" тәрбиелеп жатқанымызды есімізден шығармауымыз қажет. Егер сен балаңа дауыс көтерсең, өскенде олар да саған дауыс көреді. Бұл – бұлжымайтын заңдылық. Олар әуелі ойыншықтарына айқайлайды, кейін ашуын бауырларына, жолдастарына көрсетеді, соңында ата-ананың алдынан шығады.
5. Ата-анадан қаһар көрген бала олардан құтылуға асығады. Адамның табиғаты сондай, ол өзіне қандай қарым-қатынас жасалса, соны қайтарады. Өзіне жақсылық көрсеткенге ешқашан жамандық жасай алмайды. Бұл ата-ана мен балаға да қатысты.
6. Ата-ана өзінің ішкі дүниесін реттеуі тиіс. Адамның сыртқы амалы – ішкі дүниесінің айнасы. Егер оның жүрегі иманға бай, сабырмен қапталған болса, ол кез келген жағдайда өзін ұстай біледі. Өзіне жақсы қарайтын, ішкі дүниесі тыныш ана дәл сондай қалыпты балаларға да қалайды. Сол себепті, ата-ана рухани халін жақсартумен айналысып, демалысқа, дұрыс ұйқыға, өзіне күтімге уақыт табуы тиіс. Біз – баласымен мақтанғысы келетін, оның жетістіктерінен өзінің бүкіл ғұмырының нәтижесін көріп, сүйсінгісі келетін халықпыз. Сен 50-60-қа келгенде 20-30 дағы балаң парасатты, салихалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін көркем тұлға болғанын қаласаң, бүгін олардың бойына не егіп жатқаныңа бір қарап қойғаның абзал…
23 қаңтар 2020 ж. 1 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 031 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам