Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАЖЕТ

БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАЖЕТ

 Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше назар аударған. Содан болса керек, дана халқымыз: «Баланы беске келгенше хандай ұста, он беске келгенше құлдай жұмса, он бестен асқанда досыңдай сырлас» деген екен.
Қазіргі кезде әр отбасында балаға беретін тәрбие әртүрлі. Оларға қойылатын талапта басқаша. Біреулер баласын алақанға салып, қанатының астында өсірсе, енді бірі таяқпен қорқытып тәр¬биелеуді жөн санауы мүмкін.
Соңғы жылдары өз баласын өзектен теуіп, ұрып-соғу жиі белең алуда. Оны көзбен көріп, құлақпен естіп те жүрміз. Мұндай деректі айта берсек, түр-түрімен кездеседі. Баланы кішкентайынан өлімші етіп ұру былай тұрсын, туа салысымен көшеге, әжетханаға тастап кеткен жас аналар саны қаншама.
Алайда, оларды таяқтап әлденені ұғындыру бекершілік. Бала болғаннан кейін, еркелейді, жылайды, тіл алмай, кейде қыңырлық танытатыны белгілі. Дегенмен, бүгінгі жас ата-аналар жәй сөзбен емес, іспен оң жолға түсіргенді жөн көретін сияқты. Себебі, тәрбиені таяқпен бергісі келетін ата-аналардың бары анық.
Бүгінде күнкөрістің қамымен азаннан қара кешке дейін жұмыста жүретін ата-ананың үйдегі баласына қарауға кейде шамасы да келмей жатады. Жүйкесі жұқарғанда бар ақысын өзгеден емес, өз баласынан алатындарда кездесуде. Оның сәл-пәл бұзықтығына шыдамай бірден айқайға басып, қолын ала жүгіреді. Ата-ана баланы осылай қатал ұстап, ұрып қорқытқанды дұрыс деп санайды. Алайда, оның болашағына алаңдап жатқан ешкім жоқ. Күнде айқай мен таяқтың астында өскен бала қорқақ, жасық, ынжық болмақ.
– Шындығында, 3 жасқа дейін бала ештеңе түсінбейді. Мұндай жаста оған ұрсып, айқайлаудың еш қажеті жоқ. Есін біліп, оңды-солды танығанда ғана не нәрсені де жәй сөзбен түсіндірген жөн. Ол не үшін ескерту алып жатқанын білетін жасқа жету керек. Бала 3 жастан бастап ненің жаман, ненің жақсы екенін ажыратып, мақтағаныңыз бен ұрысқаныңызды түсіне бастайды. Бірақ, өзінің жүріс-тұрысын, қылықтарын әрдайым басқарып, жауап бере алмайды. Мысалы, олар бірдеңені бүлдірген кезде мойындамай, өзгеге жала жауып алдай бастауы мүмкін. Дегенмен, баланы ұрған дұрыс емес. Мұндай ойдан аулақ болған жөн. Керісінше, ештеңе болмағандай, «енді мұндай қайталанбасын» деп жай сөзбен түсіндірген абзал. Жаман-жақсыны тереңінен ажырататын кезеңде балаға жаман сөздер айтып, ұрып, ішкі дүниесін, психологиясын бұзбау қажет. Оны жақсы көретініңізді, ақылды болғанын қалайтыныңызды жиі айтып отырған дұрыс. Сонда ғана бала құлағына сіңген жақсы сөздерден нәтиже шығаратыны анық, – деді психолог Ж.Қуанышбаева.
Сәби кезінен таяқ жеп өскен бала есейгенде ата-анасын сыйламай, қарсы сөйлеуі әбден мүмкін. Өйткені, оларда «Мен өзгелерден төмен болған соң ұрған» деген кері ой қалыптасып, теріс ұғымды көңіліне ұялатады.
«Не ексең, соны орасың» дегендей баланың бойына ізгілік нәрін сіңіру ата-ананың басты міндеті. Баланы таяқпен емес, ақылмен тәрбиелесе болашақта жемісін көретініңіз анық. Себебі, талшыбықтың түзу немесе қисық өсуі оны баптауына байланысты екенін ұмытпаған абзал. Сондықтан балаға қол көтермес бұрын ата-аналар жақсылап ойланғаны дұрыс.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

26 желтоқсан 2017 ж. 2 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам