Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «МАҚТАНЫШЫМ, АЙБАРЫМ, ЖЕЛБІРЕ, КӨК БАЙРАҒЫМ!» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

«МАҚТАНЫШЫМ, АЙБАРЫМ, ЖЕЛБІРЕ, КӨК БАЙРАҒЫМ!» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қоры Тәуелсіздік мерекесіне орай «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасын өткізді.
Байқаудың мақсаты - жастардың шығармашылығын арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Мүшәйраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 23 талапкер қатысты.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
- бірінші кезең: қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары өлеңдерінен жатқа үзінді оқу;
- екінші кезең: Тәуелсіздікке арнап шығарған өзінің өлеңін жатқа оқу.
Талапкерлердің өнерін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бекмағамбетов Шанжархан Бекмағамбетұлы басқарған қазылар алқасы бағалады.
Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде талапкерлердің өлеңді таңдау талғамына, өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, жатқа оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша Қазалы ауданындағы №98 орта мектептің 10-сынып оқушысы Әбдіхан Бекзат І орынды жеңіп алса, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың 3-курс студенті Бақытбек Сұлтанбейбарыс пен «Болашақ» университетінің 4-курс студенті Ержігіт Бекжан ІІ орынды, Арал ауданындағы №60 орта мектептің 11-сынып оқушысы Жақыпова Сәния мен «Қазанғап» атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 4-курс студенті Қайран Еркебұлан ІІІ орынды иеленді.
Ынталандыру сыйлығына Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті Жалғасбекұлы Шернияз, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық жоғары колледжінің 2-курс студенті Садықова Назгүл және «Болашақ» колледжінің студенті Кеңесов Данияр ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың бағалы сыйлықтарымен, арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

08 желтоқсан 2017 ж. 1 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 039 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам