ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жаңақорған ауданына қарасты Аққұм, Еңбек ауылдарында жаңа медициналық бекеттер халық игілігіне берілді.
Аққұм Жаңақорған ауданының Кейден ауылдық округіне қарайтын елді мекен. Аудан орталығы Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырымдай жерде орын тепкен. Сырдарияның сол жағалық аңғарында орналасқан. Іргесі 1902 жылы ауа райын бақылайтын алғашқы метеорологиялық станса ретінде қаланған. 2009 жылдың мәліметіне бойынша тұрғындар саны – 463 адам.
Ал Еңбек ауылы Сунақата ауылдық округі құрамында. Аудан орталығынан солтүстік-батыс жаққа қарай 36 шақырым жерде ораналасқан. Тұрғыны – 640 адам (2009 жылдың мәліметі).