ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жаңақорған ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған саясат жөнінде ақпараттық түсіндіру шаралары туралы мобильді топ құрылды.
Топ мүшелері аудандағы шалғай елді мекендер – Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе ауылдық округтің тұрғындарымен кездеседі. Бүгінгі күнге дейін олар Келінтөбе, Аққорған, Қожакент ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті.
Топ құрамында аудан əкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов, "Нұр Отан" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мəжит Балқожаев, "Ақбаян" əйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлəн Əбілтанова, аудан əкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Жаннұр Дүйсенбаева бар.