Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Темір тұлпар тізгіндеп...

Темір тұлпар тізгіндеп...

Астыңда зырғып тұрған көлігің болған қандай жақсы. Барар жеріңе ешкімге салмақ салмай шауып барып келесің. Байырғы бабаларымыз ат тұяғымен дүбірлеткен дала төсін бүгінде темір тұлпар ауыстырды. Алайда заман ағымына сай қазіргі таңда жеңіл көліктің неше түрі кеңінен қолданысқа енгізілді.
Осы орайда, жалпы көліктің адамға қажеттілігі жөнінде ой қаузамақпыз.

Көлігің көңіл көншітеді ме?
Сонымен көліктің әуелі адамға пайдасы жөнінде сөз өрбітейік. Мінсең көлік, сатсаң ақша болатын осы дүниенің пайдасы шаш етектен. Бүгінде отандастарымыздың басым бөлігі арғысы Армениядан, бергісі Ресей, Қырғызстаннан лек-легімен тасымалдауда. Кейбірі өз меншігіне, енді бірі сатылымды көздейді.
Көлігін көрігіне балайтын бауырлар бір басқа. Ол ұзақ әңгіме. Заты темір болғасын сыр бермей тұрмайды. Ай сайын болмаса да, жылына екі мәрте жөндеу көретін көліктер жүргізушілердің жүйкесіне салмақ салып жүр. Жүйкесі ештеңе емес, қалтасын қағып, отбасы қаражатын ойсыратып кететіні тағы бар. Бәрінің айтатыны бір уәж: «біз де жол жаман». Айта, айта Алтайдының кері...  қазір ел үні жоғарыға жетіп, жағдай жақсарып жатыр.
Жасыратыны жоқ, кеңестік кезеңнен бері жөндеу жүргізілмеген көшелерден көз сүрінетін еді. Биылғы жылы қала орталығынан бөлек, шеткі аймақтардың да шаттығы шалқып жатыр. Орташа және күрделі жөндеуден өтіп жатқан жолдарға сүйсініп жатқан жұртшылықтың айтар алғысы көп. Өңіріміздің өрісі өркендеп келеді. Бұл қуанышты жағдай.

Аймақтағы автокөлік ахуалы
Жолаушылар және жүк тасымалдау жаңа техника­лармен толығып, сервистік қызмет көрсету деңгейі едәуір артып отыр. Олардың көпшілігі мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асып жатқан жұмыстар. Бүгінде облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты жұмыс істейді. Оның 71-і ауданаралық, 101-і кентішілік, 32-сі қалаішілік және қала маңында жүреді. Оған қоса, «Қызылорда-Ташкент» бағытында халықаралық бір автобус, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе тәрізді қалаларға облысаралық 13 автобус халық игілігіне жұмыс істеуде. Елді мекен тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазалы, Арал ауданы орталықтары мен Төретам кентінен Түркістан, Шымкент, Алматы қалаларына облысаралық маршрут ашылды. Бұл да өз кезегінде халық арасында жоғары сұранысқа ие. Аймағымызда 1303 дана автобус қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген 4 автовокзал мен 8 автостанция талапқа сай жұмыс жасап жатқанын жұрт жақсы біледі. Бұл да өз кезегінде облыстағы көлік саласының қарқынына екпін беріп тұрған тәрізді.

Тозбайтын темір жоқ
Асылында атам қазақ «Атқа мінсең, ажалға мінгенің» деп жататыны бар емес пе? Тақырыбымызға тұздық болсын, саланың жақсы жағымен қатар зиянды жағын да зерделеп көрейік. Тозбайтын темір болмасы бесенеден белгілі. Техника болғасын бір ақауы табылмай тұрмайды.
Көлік жылдамдығын асыра пайдаланып, ақырында орасан зардап шегіп жатқандар қаншама. Соны көріп біліп, есітіп жатса да айылын жимайтын кейбір жүргізушілердің кесірінен кейбір отбасылар жалғыз баласынан, бірі арқасүйер әке-шешесінен айырылып жататыны өкінішті жағдай. «Адамды темір жейтін заман болады» деген Мөңке бидің болжамы қалай дәл айтылғандығына қайран қаласың?
Тілші түйіні
Иә, қалай десек те адамымыз аман, заманымыз тыныш болғанына ештеңе жетпейді сірә. Өйткені, өмірдің басты құндылығы да, көркі де адам саналады. Бірақ, көлік адамның басты байлығы емес. 
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
18 тамыз 2020 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам