«ҚОЛ ҮШІН СОЗ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында 2017 жылдың 4-15 желтоқсаны аралығында «Филология, тарих және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасы мен «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Қол үшін соз» тақырыбында «Құқықтану» мамандығы студенттері арасында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында факультет оқытушылары мен студенттер заттай және ақшалай қаражат жинаумен қатар, өздерінің қолдарынан түрлі тәттілер пісіріп жәрмеңке ұйымдастырды. Жəрмеңкеден түскен қаржы мұқтаж отбасылардың қажеттіліктеріне жұмсалады.
Студенттер әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты және көп балалы 10 отбасына күнделікті тұрмыста қажет азық-түліктер, киімдер мен ойыншықтар беріп, мерекелерімен құттықтап қайтты. Өз кезегінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдауларды сезініп, қайырымдылық шарасының шарапатын көрген азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табар деген ниетіміз бар.