Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛЫ – 2018

ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛЫ – 2018

    Қытайда ит жылы 16 ақпанда кіреді. Адамның адамгершілігі қаншалықты жоғары болса бұл жыл ол адам үшін соншалықты жемісті болмақ. Себебі ит жылы әділдіктің, достықтың жылы. Сонымен жұлдыз жорамал не дайындап тұр?

Тышқан жылы туғандар

Тышқан жылы туғандар жыл басында бірқатар жанжалдарды шешеді. Жағдай жазға қарай тұрақтайды. Бірінші жарты жылдықта ақшаға абай болу керек.

 Сиыр жылы туғандар
  
Басшылар үшін 2018 жылдың басы ауыр болады. Өз дегенінен қайтқысы келмейтін, басқалардың пікірін елемейтіндер үшін қиындау болмақ.
 
Барыс жылы туғандар
 
Барыстар үшін бұл жыл бір сәт тоқтап, өткені мен болашаққа ой жүгіртетін кезең болмақ. Дегенмен көбісі кәсіби шеберліктерін көрсетіп, беделі өседі. Жыл бойы көп жұмыс істегендіктен жыл соңында шаршауы мүмкін.
  
Қоян жылы туғандар
 
Қояндардың демалыс алып, демалуға мүмкіндіктері болады. Отбасында тұрмыстық мәселелерге байланысты қиындықтар тауындауы ықтимал. Ең бірінші қояндарға бұл жылы денсаулықтарын күту керек.
  
Ұлу жылы туғандар
  
Ұлулар үшін бұл жыл жаңалықтарға толы болады. Жақындарымен арада кикілжің туындауы мүмкін. Ақпанда қаржылық қиындықтар кездеседі. Бұл айда сауда-саттықтан бас тартқан жөн. Сәуірде жұмысында көтеріліп, материалдық жағдайы түзеледі.
 
 Жылан жылы туғандар
 
Жыландарға бұл жылы сақ болу керек. Аяқ асты қабылданған кез келген шешім қиындықтарға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан бәрін ойластырған абзал. Көктемде басшыларымен жанжалдасуы мүмкін.
  
Жылқы жылы туғандар
 
Жылқы жылы туғандар ит жылында көп адамдармен танысады. Көктемде бизнеске қатысты жақсы ұсыныстар алуы мүмкін. Бас тартпаған жөн. Себебі жаңа іс жақсы табыс әкеледі.
 
Қой жылы туғандар
 
2018 жыл қой жылы туғандар үшін ерекше болмақ. Жалғыз жүргендер жартысын тауып, махаббатын жолықтырады. Көңіл жарастырған адамы барлары отбасын құрады. Жазда жақсы жобаларға ұсыныс түсуі мүмкін.
 
 Маймыл жылы туғандар
 
Маймылдар үшін бұл жыл сабақ алатын жыл болмақ. Жұмыстағылары іссапарға жиі шығады. Бұл олардың денсаулығы мен жүйке жүйесін жұқартады. Қарыздануы мүмкін.
 
 Тауық жылы туғандар
 
Тауық жылы туғандар үшін жұмыс көп болады. Ақысы да жаман емес. Жақсы таныстықтар болады. Отбасында айтарлықтай өзгеріс, жаңалық болмайды.
  
Ит жылы туғандар
 
Ит жылы туғандардың ит жылында жолы болады. Өз-өздеріне деген сенімі артады. Мансабы өседі.
 
Доңыз жылы туғандар
 
Доңыз жылы туғандар кез келген жоспарын жеті ойланып, бір кескені абзал. Бір бұрыс қадам барлық істің күл-талқанын шығаруы мүмкін. Жыл ортасында жақсы кіріс түсуі мүмкін. Бірақ бұл кезде жаңа іс бастамаған жөн. Жаңа таныстардан сақ болу керек.
 
Дереккөз: 2018newyear.ru.
26 желтоқсан 2017 ж. 3 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 058 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам