Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШИЕЛІДЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

ШИЕЛІДЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді.
Өткен жылы жеке кәсіпкер Сабыр Ермаханов жобалық құны 60 млн теңгені құрайтын тәулігіне 400 литр түйе сүтін өңдейтін "Ару АНА" шұбат цехын іске қосып, шығарған өнімдері облыс, аудан көлемінде сұранысқа ие болуына байланысты биылғы жылы 61 млн теңге несие қаржы қаралды. Цехтың құрал-жабдықтарын қайта құрылымдап, тәулігіне 1 тонна шұбат және сиыр сүтін өңдеп, қаймақ, йогурт, сүт, айран, сүзбе, құрт өнімдерін нарыққа шығаруда. Келер жылы балмұздақ және сүттен көксу жасап шығармақ.
- Біздің цех өткен жылдың 22 наурызында ашылды. Алғашқы кезде түйе сүтінен шұбат өндірсек, биылдан бастап сиыр сүтінен өнімдер шығарудамыз. Біздің өнім сұранысқа ие. Ақтөбе және Алматы облыстарына жөнелтілуде. Келер жылы шығарылатын балмұздақ пен көксуға қажетті құрал жабдықтар Ресейден әкелінеді, - деді цехтың технолог Баян Дүйсенбекова.
Айта кету керек, балмұздақ сиыр ғана емес, түйенің де сүтінен жасалмақ. Қазақстан бойынша цехта өндірілетін сүттің майлылығы 6%. Ең жоғары. Біздің балмұздақтар адам денсаулығына және балаларға пайдалы.
28 қараша 2017 ж. 2 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам