Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР БІЛІМ АЛУҒА ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ЖАСТЫ АНЫҚТАДЫ

ҒАЛЫМДАР БІЛІМ АЛУҒА ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ЖАСТЫ АНЫҚТАДЫ

 
 Ғалымдар балалық шаққа немесе егде жасқа қарағанда, 17-21 жас аралығында оқыған ақпаратты қабылдау оңай болатынын анықтады. Зерттеу қорытындысы Nature Communications журналына жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.
Мамандардың деректеріне сәйкес, мидағы «жолақты дененің» дорсолатералды бөлігі білім алу процесінде маңызды рөл атқарады. Бұған дейін мидың осы құрылысының белсенділігі адам жасына қарай қалай өзгеретіні зерттелмеген.

Лейден университетінің ғалымдары неврологиялық ауруы жоқ 8 және 25 жас аралығындағы 232 адамды қатыстырып, сараптама жүргізді. Тестілеу барысында қатысушыларға жауап нұсқасы бар логикалық тапсырмалар берді. Олар оны компьютердің көмегімен үйрене отырып орындады.
Кейін қатысушылар миының сканерлі көшірмесін көрсетті. Сөйтсе, 17-20 жас аралығындағы адамдардың миындағы «жолақты дене» өте белсенді әрекет еткен.
Сондықтан зерттеушілер «жолақты дененің» белсенділігі жоғары кезде адамның миы алған білімді жақсы қабылдайтынын тағы да растап, 17-25 жас аралығы білім алуға ең қолайлы жас деген қорытынды шығарды.


28 желтоқсан 2017 ж. 1 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам