Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » FACEBOOK ҚАЗАҚ ТІЛДІ МАМАН ІЗДЕП ЖАТЫР

FACEBOOK ҚАЗАҚ ТІЛДІ МАМАН ІЗДЕП ЖАТЫР

 Әлемдегі ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook қазақ тілін меңгерген, Қазақстан және Орталық Азия өңірінің дәстүрі мен мәдениетін терең білетін маман іздеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.  Компания өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жариялаған хабарламада үздік үміткердің Қазақстан нарығын зерттеумен айналысатын командамен бірге жұмыс істейтіні хабарланған. Жұмыс орны Ирландияның Дублин қаласындағы кеңсесінде орналасқан. Үміткер Қазақстандағы қолданушылардан келген сауалдарға жауап беріп, қазақ тіліндегі контенттің хабарламаларын тексерумен айналысады, қолданушыларға қолдау көрсетіп, аккаунтқа қатысты туындаған мәселелермен айналысады. Үміткер жылдам әрі сапалы жұмыс істеп, Қазақстанда болып жатқан соңғы оқиғалардан хабардар болып отыруы тиіс. Сондай-ақ, оның бакалавр мен магистр оқу дәрежесі немесе сараптамалық жобалар саласында жұмыс өтілі болуы тиіс. Үміткерден ағылшын және қазақ тілдерін еркін меңгеруі талап етіледі. Excel және SQL бағдарламаларымен жұмыс істей алуы - үлкен артықшылық болмақ.

11 қаңтар 2018 ж. 1 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 523 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам