ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің іс-шаралар желілік кестесіне сәйкес №11 мектеп-лицей базасында ағылшын тілі пән мұғалімдері арасында «Ағылшын тілінің әлемдегі алар орны» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Отырыста келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын жан –жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру, жаһандану заманында ағылшын тілінің әлемдегі алар орны айрықша рөл атқаратындығын насихаттау, ағылшын тілін әлемдік тіл ретінде оқытудың әдіс-тәсілдері мәселелері талқыланды.
Ағылшын тілі пән мұғалімдері «Ағылшын тілі – жаһандану тілі» тақырыбында баяндамалар оқып, ағылшын тілінің әлемдік статусқа ие болуын үш функцияға бөліп, ағылшын тілінің қолданылу аясын үш шеңберге бөліп қарастырды.
«Ағылшын тілін әлемдік тіл ретінде оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында презентацияны Елбасымыздың үштұғырлы тіл жөнінде айтқан сөзімен бастап, мұғалімдермен тренингтер жүргізді. Ағылшын тілін әлемдік тіл ретінде оқытудың әдіс–тәсілдерімен таныстыра отырып, тақырыпқа сәйкес бейне ролик көрсетілді.
Сондай-ақ, «Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі» тақырыбында өз ойын ортаға салып, ағылшын тілінің дүниежүзінде ең кең таралған тіл, БҰҰ –ның алты тілінің бірі екендігін, қазіргі заманда өте маңызды рөл атқарып отырғандығын айтып өтті.
«Үштілділік» мемлекет бағдарламасы – болашаққа бастар жол» тақырыбында презентация көрсетіп, үштілділікті насихаттады. Әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын жан – жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру үшін «Үштілділік» мемлекет бағдарламасының аса қажет екендігі айтылды.