Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘНШІНІҢ ДЕ ЕСТІСІ БАР, ЕСЕРІ БАР...

ӘНШІНІҢ ДЕ ЕСТІСІ БАР, ЕСЕРІ БАР...

  «Сахнаның киесі бар» дейді. Кіршіксіз өнерге тек нағыз талантты тарландар ғана терең бойлай алады. Кез-келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүниетанымы екені даусыз.
Кейінгі кезде ел алдында өнер көрсетіп жүрген әншілер сахна мәдениетін ұмытып барады. Олардың басты мақсаты – сахнаға шығып өнер көрсету емес, сол қастерлі орынның мәдениетін де сақтай білуі керек. Өнер иесінің үстіне не болса соны жалбыратып, жапсырып шыға салғаны дұрыс емес.
– Батысқа, Еуропаға еліктеген кейбір топтар мен эстрада әншілерінің сыртқы түр-тұрпатына қатысты түрлі сыни пікірлер жиі қозғалып жатады. Сондайда біздің көп әншілердің сахнадағы қимыл-қозғалысы, биі, киім стилі, көрермен талғамынан шыға бермейтінін несіне жасырамыз? Әйтеуір мәдениеті төмен деңгейде, көңілге оғаш, тұрпайы екенін аңғару қиын емес. Ал, дәстүрлі ән орындаушылар халқымыздың ұлттық киімдерін, өнерін дәріптеп, өзін-өзі ұстауымен ерекшеленеді. Сыртқы келбетіне халықтың сүйсінісі мен ықыласы зор.
Қазақ – бесікте ана әлдиімен өскен халық. Халқымыз ат үстінде де, ошақ басында да әуене ырғағына беріледі. Ән біздің алпыс екі тамырымызға сіңген өнер. Әу дегеннің бәрі әнші емес, әрине. Алайда, ел алдында жүрген эстрада жұлдыздары сахна мәдениетін ұмытып барады. Осындайда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мәдениет дегеніміз – өз ұлтыңды өліп-өшіп сүю» деген сөзі еске түседі. Сахна – сұлулық әлемі. Сол әлемді бүлдіріп алмау өнер өлкесі өкілдерінің қолында екенін түсінсе дейміз.
Әлеуметтік желілерде кейбір әншілердің оғаш қылығы кеңінен талқыланып жатыр. Ол жайлы жарыса жазылды. Жұртшылық пікірі екіге бөлінген. Олардың қатарында әнші де, әртістер де, ел ағалары да бар. Осындай кемшіліктің алдын алмасақ, сахна қадірі түсіп кететін секілді.
Бұл мәселе ешқашан назардан тыс қалмауы тиіс. Сахна киесін сыйлайтындар алдымен сөзін түзесін. Мәдениет өкілдері мәдениеттілікті тек сыртқы келбетімен емес, әрбір іс-әрекетімен көрсетуі тиіс. Қазақта «Әннің де естісі бар, есері бар» деген сөз айтылады. Бұл нақылдың мәнін бүгінгі күнге бейімдесек болатын секілді. «Әншінің естісі бар, есері бар» деп...

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
16 қаңтар 2018 ж. 2 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам