Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚУАНДЫҚ РАХЫМ 15 ЖАСЫНДА ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА АРНАҒАН ӘНІН ШЫРҚАП, ЕЛДІ ЖЫЛАТТЫ (ФОТО, ВИДЕО)

ҚУАНДЫҚ РАХЫМ 15 ЖАСЫНДА ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА АРНАҒАН ӘНІН ШЫРҚАП, ЕЛДІ ЖЫЛАТТЫ (ФОТО, ВИДЕО)

    Осыдан 1,5 жыл бұрын алғаш рет сахнаға қадам басқан Қуандық Рахым Алматыдағы Республика сарайында жеке ән кешін өткізді. Өнер көшіне жаңадан ілескен Қуандық концерт кезінде қатты қобалжыды, соған қарамастан Алматының аспанын әсем әнмен әуелетті. Алатаудың баурайында өткен ән кешіне Stan.kz тілшісі де қатысып қайтқан еді.

“Қол-аяғым дірілдеп, жүрегім дүрсілдеп үлкен сахнаға алғаш шығуым, ағайын! Бір қошемет көрсетіп, қобалжуымды басып қойыңыздаршы. Осыдан 1,5 жыл бұрын ғана сахнаға шықтым, тез арада мұндай концерт беремін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Аллаға сансыз шүкір, сіздерге көп рақмет”, – деп бастады ән кешін Қуандық.
Иә, сахнаға кеше ғана “тәй-тәй” деп қадам басқан жас әншінің алғашқы концертінде ине шаншыр орын болмады. Бұл жалғыз менің емес, жанашыр-қолдаушыларымның еңбегі, продюсерім Жанна Әбуованың арқасы, деп бөлісті Жезқазғанның жас әншісі.
Қуандық өнердегі өзге әріптестері ұқсап 3Д шоу жасаған жоқ. Есесіне бастан-аяқ жанды дауыста ән шырқап, тыңдармандарын қуантты. Бұл кеш эстрада мен дәстүрлі ән өнерін тоғыстырды. Әнші қара домбырасын арқалап, толғау мен жырдан шашу шашты.
“Бірі білсе, бірі білмес. Мен негізі дәстүрлі әншімін, ағайын! Жалпы қошеметті аямай соқсаңыздар, эстрададан қарағанда дәстүрлі әнді көбірек орындайтын боламын”, – деп уәде берді ол.
Сондай-ақ, Қуандық композиторлық өнерімен таңғалдырды. Әнші өз репертуарындағы бірнеше әннің авторы екенін алғаш рет айтты. Солардың бірін Қуандық небәрі 15 жасында жетім балаларға арнап жазыпты.
Концерт барысында Қуандық ақ жаулықты анасы мен әжесіне гүл шоқтарын тарту етті. Сондай-ақ, продюсері Жанна Әбуова мен қазақ елінің серісі Тәуекел Мүсілімнің анасына құрмет көрсетіп, сый жасады.

Қуандықтың кешінде Халық артисі Мақпал Жүнісова өнер көрсетті. Ал кеш иесінің өзі Мөлдір Әуелбекова, Альбина Шардарова, Қарлығаш Биғазықызымен дуэт шырқады. Алайда ол ел күткендей Ақбота Сейітмағамбетпен бірге ән айтқан жоқ.
КешYou-дің экс-әншісі алғашқы жеке әнінің тұсауын дәл осы Қуандықтың кешінде кесті.

28 желтоқсан 2017 ж. 3 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам