Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЦИФРЛЫ ЭКОНОМИКА – КЕЛЕШЕК КІЛТІ

ЦИФРЛЫ ЭКОНОМИКА – КЕЛЕШЕК КІЛТІ

  Әрбір Жолдау – Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы атап көрсетті.
Олар – елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген нақты қадамдар. Ендігі міндет– елімізде индустрияландыру, өндіріске жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, сондай-ақ, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын, адами капиталды жаңғырту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру мәселелеріне мән берілді.
Мемлекет басшысы еліміз индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет екенін ерекше атап өтті. Мәселен, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Ел онлайн қызметті пайдалану арқылы уақыт үнемдейді. Қарапайым ғана мысал, қазірдің өзінде интернетке қосылған компьютер, смартфонның көмегімен теміржол, әуе билеттерін сатып алу, коммуналды төлемдерді, қаржы аударымдарын электронды түрде төлем жасау кеңінен қолданыста. Тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттарды, оқуға, жұмысқа тұруға қажетті анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ үйде, жұмыста отырып алуға және тиісті мекемеге онлайн тапсыруға мүмкіндіктер жасалуда. Мұның барлығы халықтың күнделікті тіршілігіне өте қажет. Ең бастысы, қызмет көрсету сапасы артады. Осылайша, цифрлы технология өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда. Қашықтықтан білім алу, электронды кітап оқу, емханаға бармай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылу, қажетті тауарға үйден шықпай-ақ тапсырыс беру – цифрлы экономиканы дамытудың кілті. Бұл бағытта біз әлі де болса, халыққа цифрлы қызмет көрсетудің тетіктерін жетік түсіндіруіміз қажет деп санаймын.
Сонымен қатар, биылғы Жолдауда мемлекет басшысы құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуді ұсынды. Коммуналдық саланың маманы ретінде бұл мәселені үлкен ризашылықпен қабылдадым. Соңғы уақытта елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қызылорда қаласында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі бірнеше есеге артқаны баршамызға мәлім. Жолдауда атап көрсетілгендей, қаламызда салынатын үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау алдағы уақыттың еншісінде деп білемін.

Роза БОХАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.

22 қаңтар 2018 ж. 2 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам