ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 міндетті ұсынды. Оның 7-і «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Атап айтсақ, ауылшаруашылық, индустрияландыру, құрылыс, білім беру, денсаулық, коммуналдық салаларды құрайды. Оларды халыққа қолжетімді ету үшін ұтымды және тиімді жолдарын ұсынуымыз керек.
Бұл бағдарлама 2017 жылдың желтоқсан айында бекітілді. Осыған орай «Ақылды қалалар» тұжырымдамасы ұсынылды. Соның аясында жергілікті атқарушы органдарға үлкен міндет жүктелуде. Бүгінде 11 бағыт нақтыланып, алдағы уақытта осы бойынша жұмыс істеледі. Мәселен, әлеуметтік сала, қала қозғалысы, таза қалада өмір сүру тағы басқа дүниелер қолға алынбақ.
Олар интернет дүние, ІТ- технолгия, онлайн, ең үздік технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде 16 аймаққа осы бағыттағы белгілі бір сала бекітілді. Оның ішінде Қарағанды облысына денсаулық, Павлодарға білім саласы, ал біздің өңірге – ақылды басқару жүйесі ұсынылды. Төрт жыл ішінде үздік жобаларды енгізіп, оны жүзеге асыруымыз қажет. Ондағы басты мақсат – әлемдік тәжірибені елімізге енгізу.
Индира АҚЖІГІТОВА,
облыс әкімі аппарат
басшысының орынбасары.