Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТЕМІРЖОЛ БИЛЕТТЕРІН ЖЕҢІЛДІКПЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

ТЕМІРЖОЛ БИЛЕТТЕРІН ЖЕҢІЛДІКПЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

  Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бағдарлар бойынша жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтердің шекті тарифтерін анықтаудың жаңа әдістемесі бекітілді. Соған сәйкес, сатып алған күніне және пойыздардың жүктемесіне байланысты билет бағасының өзгеруін қарастыратын динамикалық тарифтік бағаны белгілеу енгізілді, - деп хабарлайды BNews.kz.
Бірінші кезеңде динамикалық бағаны белгілеу пилоттық режимі екі облысаралық және қала маңына қатынайтын бағыттарға енгізілді. Олар Алматы-Астана-Нұрлы жол №3/4, Астана 1-Сарыағаш №085/086 бағыттары. Ал, 8 наурыздан бастап Астана-Қарағанды №853/854 бағытына енгізілмек.
Кейін жаңа тәртіп әлеуметтік маңызы бар барлық бағыттар бойынша жүретін пойыздарды қамтитын болады. Аталған пойыздарда "-25%" және "+25%" дәлізінде динамикалық баға белгілеуді қамтитын тарифтік бағалар кестесі енгізілді. Осылайша, билетті ертерек сатып алатын жолаушының оны базалық бағадан төрт есе төмен бағада сатып алу мүмкіндігі бар. Пойыздың жүретін күні жақындағанда және белгілі бір бағытқа сұраныс артқан кезде билет құны өсетін болады. Жоғарыда көрсетілген пойыздарға билеттерді 2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатып алуға болады.
24 қаңтар 2018 ж. 1 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам