БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ АРЗАН ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ШЫҒАДЫ
2018 жылы 12 бағыт бойынша әуе рейстері субсидияланады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықтың астана мен өңірлер арасындағы әуе қатынасына, өңірлер арасындағы байланысқа, сондай-ақ, 2018 жылы туристік нысандардың қолжетімдігіне деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында мынадай бағыттар субсидияланатын болады.
1) Қарағанды – Қызылорда – Қарағанды, 18 000 тенге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
2) Өскемен – Қарағанды, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
3) Көкшетау – Ақтау,
20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
4) Алматы – Көкшетау,
18 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
5) Алматы – Петропавл, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
6) Астана – Талдықорған; 24 500 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 7 рет;
7) Петропавл– Шымкент, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
8/ Астана – Петропавл, 14 300 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
9) Астана – Үшарал (Алакөл көлі.) 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
10) Алматы – Балқаш, 14 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай);
11) Астана – Үржар (Алакөл көлі.), 19 500 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай);
12) Алматы – Үржар (Алакөл көлі.), 16 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай).
Барлық тарифтер тек бір бағытқа ұшу үшін көрсетілген. Рейстерді субсидиялау бағдарламасы 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы кезеңдерде 10-нан астам әуе бағыты коммерциялық негізге көшірілді. Қазіргі уақытта бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі Қазақстандағы туристік бағыттарды дамыту.