ӨСКЕМЕНДЕ СТУДЕНТТЕР ӨЗДЕРІНЕ ЫҢҒАЙЛЫ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ОЙЛАП ТАПТЫ
Өскемен бағдарламашылары студенттерге арнап мобильді қосымша ойлап тапты. Онда оқытушы берген кітап пен рефераттар, маңызды мәліметтер жүктеледі.
Бұл туралы “Хабар”арнасы хабарлады.Енді кітаптың сыртқы мұқабасын суретке түсіріп алса жеткілікті. Оның мазмұны телефоннан табылады. Мұнда 1-58-ге дейін нұсқалары бар. Қосымшадағы мәліметтер тізімі оқытушылармен ақылдаса отырып шешілген.
“Қосымша студенттерге өте ыңғайлы. Ол жерден сабақ кестесін, оқу үлгерімін көруге болады”, – дейді студент Илья Перелыгин.
Жаңа қосымшаны одан әрі дамыту IT-мамандығында оқып жатқан студенттерге тапсырылды.
“Мобильді қосымшаны әр жарты жыл сайын жаңартып отырамыз. Жаңа қызметтер, жаңа мүмкіндіктер қосамыз”, – дейді қосымшаны құрастырушы Виталий Зуев.
Болашақта «Электронный университет» бағдарламасы білім, ғылым министрлігімен байланысады. Сонымен қоса, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметі онлайн режимге көшеді.
http://stan.kz/