Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОҚУШЫЛАР ЛАТЫН ҚАРПІНЕ АУДАРАТЫН МОБИЛЬДІ КОНВЕРТОР ЖАСАДЫ

ОҚУШЫЛАР ЛАТЫН ҚАРПІНЕ АУДАРАТЫН МОБИЛЬДІ КОНВЕРТОР ЖАСАДЫ

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Бұлбұл Қалман мен Мәдина Серік қазақ тілінде жазылған мәтінді кириллицадан латын қарпіне аударатын Latin Translator Dictionary мобильді конверторын жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқушы қыздардың айтуынша, қосымшаны дайындауға үш апта уақыт кеткен. Ұстаздарының жетекшілігімен жұмыс істеген олар, бейне сабақтардан да көп мағлұматтар алыпты. «Қосымшаны  Java  көмегімен Android Studio негізінде жасадық. Бұл Android операциялық жүйесімен жұмыс істейтін смартфондарға арналған қосымша . Зерттеулер көрсеткендей, еліміздегі тұрғындардың 70 пайызы осы жүйені қолданады», - дейді Бұлбұл Қалман.
Жобаның ғылыми жетекшісі Дана Абдулманованың айтуынша,  қосымшадағы интерфейс идеялары толығымен қыздардың өз қиялынан туған.  «Қолданушыларға пайдасы тиіп, халық өз бағасын бере жатар. Ендігі жоспар  жобамызды  Play Market  қосымшасына енгізу. Жазға қарай апгрейд нұсқасын дайындаймыз. Жобаны ары қарай дамыта түсеміз», - деді Дана Абдулманова.

http://www.inform.kz/

19 қаңтар 2018 ж. 1 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 203 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам