Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

  Достық үйінің мәжіліс залында қазақ алфавитінің латын әліпбиіне көшу жобасына арналған «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Аталмыш шараға ЭМБ жетекшілері мен белсенді мүшелері, облыстық Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, жастар қанатының мүшелері, филолог-ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы – Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Л. Төрешова өзінің алғы сөзінде:
«Латын әліпбиіне көшудің қазақ тілінің жаңаруы мен дамуына ықпалы орасан зор болмақ. Өркениетті елдердің қатарына ену жолындағы бұл бағыт бізді жаһандық кеңістікке жақындауға зор ықпал етеді. Өзіндік ерекшелігімізді айқындайтын тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз – бұл біздің ұлттық кодымыз болып табылады».
Қазақ алфавитінің латын әліпбиіне көшу мәселелері жөнінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі А. Абасилов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г. Гейдарова, «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МҚК-ның директоры, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Н. Мұсаева баяндама жасады.
Пікір алмасумен жалғасқан шарада өз пікірлерін Облыстық Аналар кеңесі төрайымы Р. Смаханова, қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С. Әбішев, «Қызылорда облыстық кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі В. Шин, Еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л. Ли, облыстық Жастар қанатының мүшесі Е. Павлова білдірді.
Шара соңын модератор қорытындылады.

облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі.
13 қазан 2017 ж. 2 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 039 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам