Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЖЕТТІ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

ҚАЖЕТТІ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

 Алдағы жылу маусымына дайындық барысында облыстағы 1000-нан аса әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өткен. Аталмыш бағыттағы қайта жаңғырту жұмыстары белгіленген тиісті мерзімде орындалған. Қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету бойынша бүгінде олардың 70 пайыздан астамы қамтамасыз етілген. Ал, биыл облыс тұрғындарының тұтынуына шамамен 190 мың тонна көмірге қажеттілік туындап отыр. Қазіргі таңда қажетті қатты отынның 17 пайыз көлемі аймаққа жеткізілген.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Нұрмағамбетов пен қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мақсұтов кеңінен баяндады. – Орын алған уақытша қолайсыздықтар қалай туындады? Тұрғындар күн суытқан кезде қыстық отындарын түгелдей сатып алуға ниет етті. Ал, отындардың кен орындарынан тиелуі, олардың вагондармен жеткізілуі барлығы уақытқа келіп тіреледі. Барлық ірі көлемдегі жүктерді қатар әкелуге мүмкіндік болмаған соң олар кезең-кезеңімен жүзеге асады. Сондықтан осы екі аралықта көмір қорының таусылып қалмауына біз үздіксіз жұмыс жасау үстіндеміз. Осы бағытта қосымша вагон санын көбейту, тауарлардың рәсімделуін тездету сынды шаралар қолға алынуда. Ал, бағасына келсек, кен орнының өзіндік сату бағасы бар, темір жолдың жеткізу қызметі үшін алатын сомасы бар, сондай-ақ, оның үстіне жеке кәсіпкерлердің қоятын бағамы бар. Демек, отынның бағасын нарық реттейді. Ол біздің құзыреттілігімізге кірмейді. Десе де, баға тұрақтылығы қатаң бақылауда болады, – дейді Руслан Нұрмағамбетов. Бүгінде нарықта қатты отын облыс орталығында, Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандарында 12-14 мың теңгеден сатылуда. Ал, жердің шалғайлығына байланысты Арал, Қазалы аудандарында 15-16 мың теңге аралығында саудалануда. Сондай-ақ, жиында қала әкімінің орынбасары қаланың жылу маусымына дайындық барысын баяндады. Оның айтуынша, бүгінде қала тұрғындары мен әлеуметтік нысандардың қажеттелігін өтейтін жеткілікті көмір қоры бар. Ал, алдағы уақытта тағы да 29,5 мың тонна қатты отын жеткізілмек.

Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.
16 қазан 2017 ж. 1 683 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам