Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ КЕҢЕСШІЛЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ КҮШЕЙТІЛЕДІ

АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ КЕҢЕСШІЛЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ КҮШЕЙТІЛЕДІ


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, Әділет министрлігімен әзірленген "Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы" жаңартылған заң жобасына ұсыныстар қабылдануда. Заңнама 2018 жылы қолданысқа енеді.
«Қазіргі таңда республикада 4500-ден астам адвокат жұмыс жасайды. Оның 103-і Қызылордада. Бүгінгінің басты мәселесі - адвокаттардың аздығы. Орташа есеп бойынша бізде 1 адвокатқа 4000 азамат келеді екен. Қызметке мұқтаж азаматтар үшін бұл жайт қиындық тудыруда. Соңғы 4 жылда адвокаттар қатары тек 300-ге ғана көбейген. Қорғаушы болу үшін жоғарғы білімді, адвокаттар алқасында 6 айдан 1 жылға дейін тағылымдамадан, аттестаттау сатысынан өткен болуы керек. Және мүшелікке кіру жарнапұлын төлеуі тиіс. Ал, тағылымдамадан өту ақысы жылына 140 мың теңгеден 280 мың-ға дейін белгіленген. Алғашқы жарнапұл 800 000 теңге. Яғни бір адамға орта есеппен 1 млн теңге қаржы қажет. Жаңа заң қабылданған жағдайда мүшелікке кіру үшін төленетін жарнапұл мүлдем алынып тасталмақ. Сонымен қатар, адвокаттардың көбеюі бәсекелестікті күшейтіп, олардың гонорарының азаюына әкеледі», - деді облыстық әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров.
Баспасөз конференциясында: «Айрықша көңіл аударатын мәселенің бірі ол – Pro bono жүйесін енгізу болып отыр. Яғни халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына тегін заң көмегін көрсету тәсілі. Тегін қызмет көрсету арқылы адвокат өзінің беделі көтеріп, халық алдында сенімділігін арттыруға мүмкіндігі бар», - деді заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі Ерлан Алтаев.
Қазіргі таңда жеке тәжірибесімен айналысатын заң кеңесшілерінің қызметі ешбір заңмен реттелмеген. Заңгер дипломы бар кез-келген азамат тәжірибесіне қарамай сот істерінде өкіл ретінде қатысуда. Бірақ, мұндай қызметтің сапасына ешкім кепіл бермейді, жауапкершілік те қарастырылмаған. «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» ҚР заңы қабылданған жағдайда жеке практикамен айналысатын заң кеңесшілерінің де қызметі реттелмек.
02 қазан 2017 ж. 2 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам